Эссе
Адамның өзіне өмір бойы қоятын және оған әрдәйім жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәнгі сұрақтың бірі –«Тәрбиеші деген кім?»
Осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап шығайын –өйткені мен бала тәрбиешісімін. Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірбиемнің мейірімділік дәндерін қондыру менің жұмысымның мәні. Мен үшін балалармен жұмыс жасау –үлкен бақыт,себебі тек қана бала еш нәрседен алданбай
мейірімділікке сенеді, кішкентай алақаның менің алақаныма койып өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым –қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені мен оларға,олар маған сенеді.
Осы сенімнің болуы әр тәрбиешінің бақыты.Бала өмірдің гүлі,отбасы дәнекері,ана ғұмырының жалғасы, ең бастысы, біздің қоғамымызды болашағы. Сондықтан да жас ұрпақты заман талабына сай,қөздің ғана емес,көңіл қуанышы етіп тәрбиелеу–басты міндет. Атақты педагог К.Д Ушинскийдің «педагог адамды жан –жақты білуі керек»- деген мағыналы сөзін жадымда сақтай отырып, білімімді тереңдетіп, ізденуді мақсат еттім. Балалармен сөйлесе білу де –үлкен өнер. Олар бір нәрсе естігенімен көргендерін есте сақтағыш,тез қабылдағыш,мейлінше сенгіш,барынша таза адал, білуге, тануға құмартқыш келеді.
Менің педагогикалық ұстанымым балаларды денсаулығы мықты адам етіп қана өсірмей, сонымен қатар, кең пейілді,ақылды,жауапкершілікті сезіне білетін адам етіп тәрбиелеу. Көздері қарақаттай мөлдіреген балалардың менің өткізген оқу іс-әрекеттеріме қызығушылықпен қарап отырғандарын ұқтым.Тәрбиеші баланы жан тәнімен сүю керек. Алдымен рухани қуат беруі қажет.Мейрімділік,шыдамдылық,кешіре білу,баламен тең жағдайда сырласу,оның мүмкіндіктеріне сену,ойын әрқашан құлақ қоя тындау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мен өз мәртебемді көтере аламын. Балаға үнемі қолдау көрсету менің ізгі ұстанымым. Тәрбиешінің әрбір өткізген оқу іс-әрекеті баланың ақыл ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта- жігері арттары сөзсіз деп білемін.
Өзімнің еңбек жолымда әр дәйім балалардың логикалық өй -өрісін,тіл-және рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында зерттеу және шығармашылық жұмыстар ұйымдастырамын. Ол үшін тәрбиешінің бойындағы асыл қасиет жан-жақты болуы тиіс. Баланың жан дүниесін неғүрлым терең таныған сайын тәрбиеші оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады.
Балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин «Балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлесу,мағналы сөздермен түсіндіруі керек »-деп кеңес береді. Ал бала жүрегіне қонымды жауап беру үшін, мен күнделікті оқу іс-әрекеттерді шынайы жақсы,қызықты өткізуге тырысамын.
Әр оқу іс-әрекетінің сәтті шығуы бірінші кезекте әрине тәрбиешілер қауымына -өзімізге байланысты. Әр бала өзінше талантты, баланың талантын ашу үшін оның көзін табу, соны жетелеу, баптау, қорғау -бұл менің педагогикалық шыңдалуымның жолы.
Менің педагогикалық ұстанымым –кішкентай бүлдіршіндерге сапалы біліммен саналы тәрбие беру. Болашақта
тәрбиеленушілерімнен Қазақстан елінің интеллектуалды, жан-жақты дамыған әрі белсенді балалары болады деген үлкен үміт күтемін.
Тукесбаева Нургуль Кияшевна, Шортанды кенті «Ақ бота» балабақшасының тәрбиешісі.