Консультациялық пунктің жұмыс жоспарына сай ата-аналарға кеңес.
Баласының бойынан кемдік не ақау байқаған ата-ана не істеуі қажет?
Сәби дүниеге келгеннен кейін ата-ана оның бойындағы әрбір өзгерісті мұқият қадағалап, дәрігерлерден үнемі кеңес алып тұру керек. Егер қандай да бір қалыпты емес өзгеріс байқала қалса, толық тексерткен жөн. Жергілікті денсаулық сақтау орындарында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын шығарып, емделуге жолдама беретін мекемелер бар. Онда арнайы педагогтер (логопед, дефектолог, педагог-психолог және әлеуметтік педагог) мен медициналық мамандардан (педиатр, невропатолог, психиатр және өзге медициналық қызметкерлер) құралған кеңес қызмет көрсетеді. Олар комиссия құру арқылы ақылдаса отырып қорытынды жасайды да, бойында ақауы бар баланы тиісті оңалту орталығында емделуге жібереді.
Баланың денсаулық жағдайы ауыр, орташа және жеңіл болуы мүмкін.
Медбике: Байтемирова З.У.
Баланың:
ешқандай дыбыс шығармауына;
еліктеу дыбыстарын шығаруына;
есихологиялық кемістікке ие болуына;
дыбыстау жолдарының толық жетілмеуі не әлсіз болуына;
кекештенуіне;
белгілі бір дыбыстарды айта алмауына;
бойында басқа кемістіктердің болуына қарай, оны осы үш топтың біріне жатқызып, тиісті дәрігерлердің емдеуі міндеттеледі.
Консультация родителей в соответствии с планом работы консультационного пункта.
Что делать родителям, которые заметили неполадки в росте своего ребенка?