"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шортанды кентінің  "Ақбота" балабақшасы"  мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорыны
 Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Ақбота" поселка Шортанды при отделе образования  по Шортандинскому  району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

" Оқу-тәрбие үдерісіне 4 К-модульді енгізу" тақырыбында өткен аудандық семинар

Біздің білім беру ұйымдарынының алдындағы үлкен міндет балаларды өмірдің дамуына бейімдеп, балалардың бойына қажетті дағдыларды қалыптастыру. 4 К моделі деген не? Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда қаншалықты қажетті? Қолдану тиімділігі неде? 4К моделінде көрсетілген дағдылар балаға не береді?

Осы сұрақтар төңірегінде 2022 жылғы 13 мамырда " Оқу-тәрбие үдерісіне 4 К-модульді енгізу" тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға балабақшалар мен шағын орталықтардың тәрбиешілері мен меңгерушілері қатысты. Семинардың алғы сөзін аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Т.А.Долинская ашып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Балабақша меңгерушісі Г.О. Мукашева семинар тақырыбының өзектілігі, 4 к- моделі туралы ақпараттар беріп, семинардың бағдарламасымен таныстырды. Ашық сабақтардан соң семинарға қатысушылармен кері байланыс орнату мақсатында әдіскер А.Ж.Мергенбаева коучинг өткізді. Семинардағы көрсетілген ашық оқу іс-әркеттері SWOT талдауы негізінде ұйымдастырылып, соңы педагог-психолог Г.С.Абдуллинаның жетекшілігімен "Мерседес" тәсілімен жүргізілген рефлексияға ұласты. Семинарға қатысушылар үшін музыкалық үзілістер мен сағаттар ұйымдастырылды. Үзіліс барысында семинарға қатысушыларға әр-түрлі соқпалы-шулы музыкалық аспаптар таратылып, музыка жетекшісі Л.В.Репринцеваның дирижерлігімен шулы оркестр музыкалық шығарма ойнап, семинарға қатысушылар өздерін оркестранттар ретінде сезініп, нағыз оркестрдің қалай дыбысталатынын естіді. Балалардың соқпалы-шулы аспаптарында ойнау барлығына музыкалық шығармашылықтың қуанышын, эмоционалды және эстетикалық қанағаттануды әкелді деп үміттенеміз.

Семинар соңында Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Ш.Х.Ахметова мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие мен оқыту процесіндегі ролі мен жетістіктерін атап өтіп, семинарға қатысушыларға шығармашылық табыстар тіледі.

 

 

Жаңартылған күні: 20.05.2022 17:01
Құрылған күні: 20.05.2022 17:22

Текст