«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шортанды кентінің «Ақбота» балабақшасы МКҚК Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасына және «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
Мектепке дейінгі білім ұйымы келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- электронды (ішінара автоматтындырылған/қағаз түрде/проактивті/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі akmola.kz сайты, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
1.баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
2. ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжат;
3.әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама (бар болғанда) (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
4.білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның сканерленген көшірмесі;
5. ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болғанда);
6. фтизиатр-дәрігердің қорытындысы;
мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжаттар (бар болғанда).
2. «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау».
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, akmola.kz порталы, "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-электрондық.
Қызмет көрсету тәсілдері: көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық «akmola.kz» жүйесі арқылы көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жарамды);
2) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді 8мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) б9екітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;
5) баланың денсаулығы туралы анықтама;
6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін).
Байланыс ақпараты:
Шортанды кенті Пионерский көшесі, 5 үй, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шортанды кентінің «Ақбота» балабақшасы МКҚК
телефон нөмі: 8 (71631) 2-26-58, электрондық мекенжайы: detskisad2009@mail.ru
Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады..