1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мектепке дейінгі ұйым «Ақбота» балабақшасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, порталға жүгінген сәтінен бастап – 30 минут. |
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электронды және (немесе) қағаз түрінде. |
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі |
Кезекке қою туралы хабарлама беру (ерікті нысанда) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 |
Жұмыс кестесі |
көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. |
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін); ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжат; әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама (бар болғанда) (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды); білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның сканерленген көшірмесі; ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болғанда); фтизиатр-дәрігердің қорытындысы; мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжаттар (бар болғанда).
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 |
Балабақшамыздың байланыс телефоны: 8 (716-31) 2-26-58
|