"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шортанды кентінің  "Ақбота" балабақшасы"  мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорыны
 Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Ақбота" поселка Шортанды при отделе образования  по Шортандинскому  району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақша туралы ақпарат

 

Мектепке дейінгі ұйымның атауы:  "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы  «Ақбота»  балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорыны.   Заңды тұлғаның мекен жайы:  Шортанды кенті. Пионерский көшесі 5, телефон-факс: 2-26-58, detskisad2009 @mail.ru

сайт:https://ds0001.shortandy.akmoedu.kz                                                                                                     

Түрі: балабақша.   Пайдаланылуға берілген жылдары: 1972/ 2000 ( мектепке дейінгі ұйым  2000 жылы Шортанды  №1 орта мектебі негізінде жұмыс істеді,  2005  жылы өз алдына дербес ясли-бақша МКҚК болып қайта құрылды)  

Балалардың саны -76.  Топтардың саны- 4, соның ішінде қазақ тіліндегі 2 топта -38 бала, орыс тіліндегі топтарда -38 бала. Оқыту тіліқазақша,орысша. Жұмыс уақыты: сағат  8.00-18.30 дейін.     

Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы  Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы    №А-1/2 қаулысымен бекітілген.                                                                                                                   

Заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі 2021 жылы  18 қаңтарда берілді. Қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама  №KZ 55RVK00029082  2021 жылы 26 қаңтарда берілді. 

Медициналық қызмет көрсетуге  берілген лицензия  2013 ж. 09.01. №13000087.

Мемлекеттік  аттестация  2014 жылы өтілді.      

Штат саны -28,85, соның ішінде- 12 педагог, соның ішінде жұмысты қоса атқарумен істейтін педагогтар саны- 1, жоғары білімді - 8  педагог; мектепке дейінгі біліммен - 3;  арнайы орта кәсіптік біліммен  -4 педагог, соның ішінде мектепке дейінгі біліммен -2 педагог.   Жоғары санатты - 2 тәрбиеші,  I -ші санатты - 5 педагог (тәрбиешілер, музыка жетекшісі), II-ші санатты "педагог-модератор"–2 тәрбиеші..        

Тәрбие-оқыту процессі  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» негізінде жүзеге асырылады. 

Санитарлық, коррекциялық топтар-жоқ.                                                   

 2020-2021 жылында балабақшада кезекші топтар жұмыс істейді..

Жұмыс режимі "Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мектепке дейінгі балалар ұйымдарына қойылатын талаптар бойынша ұйымдастырылған. Ол үшін қажетті жағдайлар да жасалған, соның ішінде тепловизор – 3 дана., термометр-20 дана., медициналық қолғаптар-20 пара.,  байланыссыз санитайзер -2  дана.,  қолды өңдеуге арналған антисептиктер - 6  дана, деохлор 3 банка  300 данадан.,  дезинфекциялық төсеніш - 4 пара.

МДҰ-ң материалды-техникалық базасы- қанағаттанарлық, жыл сайын жаңартылуда;  Ғимарат 2 қабаттан тұрады, спорттық немесе музыкалық залы жоқ. Тренажер кабинеті жұмыс істейді.  Жалпы аумағы-623.9;  пәтер жай-504.9;  Жеке қазандықпен жылытылады,сумен қамтамасыз ету және  канализация орталықтанған.    

2020 жылы  "Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 33 000 000.00 тенге бөлініп, балабақшада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, балабақшаның сыртқы қоршауы мен ғимараттың қасбетін заманауи стильде металл сайдингпен қоршалды; 

2020  жылы   ішкі және қосымша сыртқы бейнекамералары орнатылды;

2017 жылы  225 000  тенгеге сыртқы бейнекамералары орнатылды;                             

2017 жылы жергілікті бюджеттен  850 000 тенгеге қосымша қазандық орнату жұмыстары атқарылды;

 2016 жылы  2 млн 500 мың тенгеге  қазандық пен жылу трассасы бойынша  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;   

2013 жылы  Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша үй-жайдың ішіне ішінара күрделі жөндеуіне  29 555 548-96  тенге бөлінді;

2011 году  өрт дабылын орнатуға 1 249 513 тенге бөлініп, орнатылды.

МДҰ-ң жылдық қоры- 30 000 000 т. Ай сайынғы  ата-аналар төлемі- 9 000 тт.

Басым бағытты қажет ететін проблемалар:                                                                                                     1.  Балабақшаны ойын алаңдарына арналған жабдықтармен қамтамасыз ету  бойынша  қаржы мәселесін шешу қажет;                                                               

2. Балалар мен ересектердің әр түрлі оқу қызметіндегі  түрлі музыкалық-театрлық, денешынықтыру шараларын жүзеге асыруға жағдайлы ғимаратқа қосалқы музыка немесе спорттық залды салу мәселесін қарастыру қажет.

                                                                                                                           

                                                                                                                                                         

                  

 

Жаңартылған күні: 04.03.2021 15:38
Құрылған күні: 05.03.2021 15:50

Текст