"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шортанды кентінің  "Ақбота" балабақшасы"  мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорыны
 Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Ақбота" поселка Шортанды при отделе образования  по Шортандинскому  району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыру

2022 жылғы 6 қазанда балабақша ұжымымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел соңында қызметкерлер балабақшадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтамамен танысты.

Балабақшада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізіледі. Олардың қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің ережесі мен жұмыс жоспары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт туралы ереже; мүдделер қақтығысының алдын алу; қызметтік әдеп кодекстері және педагогикалық әдеп қағидалары және т. б. бар.

 Ғимаратта ақпараттық стенд орналастырылған және мекеменің ресми сайтында ("Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл") бөлімінде ақпараттар жарияланады, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша балабақшаның жергілікті нормативтік актілері орналастырылған. Ата-аналар үшін "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл"жадынамалары әзірленді.

Дөңгелек үстелде балаларға сыбайлас жемқорлық туралы қалай айту керектігі туралы мәселе талқыланды, бұл туралы ешқандай әдістеме жоқ, ал балалар оның мәнін түсінетіндей маңызды ақпаратты балаларға қалай жеткізу керек, сондықтан біз,  педагогтер, ойлануымыз керек. Бұндағы негізгі мақсат - маңызды материалды шығармашылық, көрнекі түрде жеткізу  арқылы.балаларды ойландыра отырып, игеруіне мүмкіндік жасау.  

Жаңартылған күні: 07.10.2022 17:47
Құрылған күні: 07.10.2022 17:49

Текст