"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шортанды кентінің  "Ақбота" балабақшасы"  мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорыны
 Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Ақбота" поселка Шортанды при отделе образования  по Шортандинскому  району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұрпақтар сабақтастығы

Күзгі күнтізбеде ерекше күн бар, ол күн ризашылық сезімге толы, ризашылық сөздерін айтқыңыз келетін -Халықаралық қарттар күні," Жақсылық пен құрмет күні","Ұрпақтар сабақтастығы күні". Ең мейірімді және маңызды мереке тек қарт адамдар үшін ғана емес, оларға назар аударылып, құттықтап және құрметтеп, өткен еңбектері еске алынып, игі істері үшін ғана емес, басқа ұрпақтар үшін де алғыс айтылаты күн. Дәл осындай минуттарда ұрпақтар арасындағы байланыс шынымен сезіледі. Айлық аясында "Ақбота" балабақшасының ұжымы құттықтауларға қосылып, "Алтын" жастағы бұрынғы әріптестерін мерекелік іс-шараларға шақырды. Мерекелік іс –шараға басқа да құрметті қонақтар шақырылды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Т.Д.Кизаева зейнеткерлерімізге Алғыс хат табыс етті. Олар үшін қазіргі тәрбиеленушілердің көркемөнерпаздар нөмірлері дайындалды. Мерекелік іс-шара осы балабақшада көп жыл жұмыс істеген және өмірін бүлдіршіндерге тәрбиелеуге арнаған Веселова Надежда Ивановнаның туған күнімен тұспа-тұс келді. Мереке күні мерекеге қатысушылардың сүйікті әндері шырқалды. Мерекенің шарықтау шегі балалар музыкалық аспаптарында ұжымдық ойын, дәлірек айтсақ, ұрмалы-шу аспаптарында ойнау болды. Осылайша, іс-шараға қатысушылар бір мезгілде аспаптармен музыка ырғағын ойнап, импровизациялықпен өздерінің шығармашылықтарын көрсетті.
Жаңартылған күні: 18.10.2022 18:41
Құрылған күні: 18.10.2022 18:41

Текст