"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шортанды кентінің  "Ақбота" балабақшасы"  мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорыны
 Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Ақбота" поселка Шортанды при отделе образования  по Шортандинскому  району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес есебі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес "Ақбота "балабақшасы" МКҚК мекемеде есепті кезеңде мынадай іс-шаралар өткізілді:

1.  Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормативтік құқықтық актілерін зерделеу (ағымдағы)

Балабақшадағы комплаенс қызметінің мүшелері Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын жүйелі түрде зерделейді.

2.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері бойынша ата-аналар қауымы мен балабақша келушілері арасында кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру  (үнемі)

Ата-аналарға арналған ақпараттық бұрыштарда, балабақшаның «Мемлекеттік қызмет көрсету» стендісінде және балабақшаның ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқаулық» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы ақпараттық парақшалар орналастырылған.

3."Ақбота "балабақшасы" МКҚК-да жоспарға сәйкес балабақша жұмысына қанағаттану дәрежесін анықтау мақсатында тәрбиеленушілердің ата-аналарына сауалнама жүргізілді, сауалнама нәтижелері бойынша ата-аналардың  95 % - ы балабақша қызметіне қанағаттанды.

4. Техникалық ерекшеліктерді және сатып алу рәсімдерінің барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты талдау арқылы мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің орындалуын бақылау (тоқсан сайын)

Комплаенс қызметінің мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде техникалық ерекшеліктерді және сатып алу рәсімдерінің барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты талдау арқылы мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында бұзушылықтар анықталған жоқ, мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2023 жылдың желтоқсан айында балабақшада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Комплаенс қызметінің нәтижесі бойынша есеп құрастырылды.

 

Жаңартылған күні: 28.02.2024 16:00
Құрылған күні: 28.02.2024 16:01

Текст