ONLINE – MEETUP МДҰ педагогтері үшін
2021 жылдың 17 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» кафедрасының аға оқытушысы Ж.У. Жалмұханова Бурабай, Бұланды, Целиноград, Шортанды аудандары мен Степногорск және Көкшетау қалаларының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері үшін «Мектепке дейінгі ұйымдарда заманауи білім беру технологияларын қолданудың тиімді тәжірибелері» meetup онлайн семинарын өткізді.
Іс-шара балалармен жұмыс жасауда қажетті практикалық дағдыларды жетілдіруге бағытталған.
Қатысушылар тәжірибе алмасудың осы түрінің оңтайлылығын және тәжірибеге бағытталғандығын атап өтті .Семинарға қатысушылар: Мұқашева Г. О Шортанды ауданы Шортанды кенті «Ақбота" балабақшасының меңгерушісі «Мағыналы оюлар мен асықтерапия" – мектепке дейінгі ұйымда қолдану құндылығы» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөліссе, Целиноград ауданы Қосшы ауылындағы «Алтын Дән» балабақшасының тәрбиешісі Шабденова З «Воскобовичтің мектепке дейінгі ұйымдардағы ойын технологияларының тиімділігі» тақырыбында оқыды, Бурабай ауданы Щучинск қаласындағы «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Р.С. Уалиеваның «Мектепке дейінгі тәрбиедегі Робототехника» және Көкшетау қаласындағы «Көктем» бөбекжайының тәрбиешісі Ж. С. Крикбаеваның «Мектепке дейінгі ұйымдардағы «Фребель сыйы» ойын жиынтығын пайдалану» тақырыптарында өз баяндамаларын жасады.