Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Ақбота» балақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қамқоршылық кеңесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-б. 9-т. сәйкес, «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017.27.07 № 355 бұйрығымен әзірленді.
1.2. Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Ақбота» балақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қамқоршылық кеңесі мектепке дейінгі ұйымды алқалы басқару нысандарының біріне жатады.
1.3. Қамқоршылық кеңес МДҰ жарғысының және осы Ереженің негізінде заңды тұлға мәртебесісіз жұмыс істейді.
1.4. Қамқоршылық кеңес
2. Құрамы
2.1. Қамқоршылық кеңестің құрамы мынадай
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
3) коммерциялық емес ұйымның өкілдері (болған жағдайда);
5) қамқоршылар (болған жағдайда).
2.2. Жанында Қамқоршылық кеңес құрылған балабақша меңгерушісі оның мәжілістеріне қатысады.
2.4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ санды құрайды және бір-бірімен және меңгерушімен жақын туыстық және достық қарым-қатынасы жоқ тоғыз адамнан кем болмауы тиіс.
2.5. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құзыреттілігінің мерзімі бір жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері балабақша жұмыскерлерінің штатына кірмейді. Қамқоршылық кеңес құрамындағы мемлекеттік орган өкілдерінің саны үш адамнан аспауға тиіс.
3. Сайлау тәртібі
3.1. Қамқоршылық кеңес мәжілісінде ашық дауыс беру арқылы басым дауыспен сайланған (қайта сайланған) төраға Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
3.3. Төрағаның орынбасары мен оның хатшысы Қамқоршылық кеңеспен сайланады.
3.4. Хатшы Қамқоршылық кеңеспен сайланады және Қамқоршылық кеңестің іс қағаздарын жүргізуге жауапты.
4. Құзыреттері
4.1. Егер мәжіліске Қамқоршылық кеңес мүшелерінің кем дегенде 2/3 бөлігі қатысса, ол шешім қабылдауға құқылы. Қамқоршылық кеңес шешімі оған қатысып отырған мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы басым дауыспен қабылданады.
4.2. Қамқоршылық кеңес мүшелері арасында тапсырмаларды бөлу кеңес отырысында анықталады.
4.3. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз қызметтерін атқаруы ақысыз негізде жүзеге асырылады.
4.4. Осы ережеге өзгертулер мен толықтырулар Қамқоршылық кеңестің жалпы жиналысында енгізіледі және оның отырысында бекітіледі.
5. Бюджеттен тыс қосымша қаражатты тарту нысандары, тәртібі және жұмсау
5.1. Балабақшаға қайырымдылық көмек ақысыз негізде ерікті тәртіпте көрсетіледі және осы Қағидалармен қарастырылған тәртіпте Қамқоршылық кеңестің шешімімен ғана жұмсалады.
5.2. Балабақшаға қайырымдылық көмектен келіп түскен кез келген қаражат екінші деңгейлі банктен ашылған шотқа түседі.
5.3. Қайырымдылық көмектен түскен қаражат мына мақсаттарға жұмсалады:
1) МДҰ тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау;
2) МДҰ материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
3) спортты дамыту, дарынды балаларды қолдау;
5.4. МДҰ жыл сайын қоғамға қаржылық жылдың қорытындысы бойынша өзінің интернет-ресурсына, сәйкес саладағы уәкілетті органның интернет-ресурсына, білім саласындағы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсына сәйкес есепті жариялау арқылы қайырымдылық көмектен түскен қаражатты қолдану және оның қозғалысы туралы ақпарат береді.
6. Іс қағаздарын жүргізу
6.1. Қамқоршылық кеңестің отырысында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.
6.2. Хатшының қызметі Қамқоршылық кеңес мүшелерінің біреуіне жүктеледі.
6.3. Құжаттама Қамқоршылық кеңес төрағасында 1 жыл бойы сақталады.
6.4. Ереженің қолданылу мерзімі: білім беру ұйымының нысаны (немесе түрі) өзгергенге дейін.