"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шортанды кентінің  "Ақбота" балабақшасы"  мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорыны
 Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Ақбота" поселка Шортанды при отделе образования  по Шортандинскому  району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Музыка және би әлемінде

07.12.2017

Білім беру саласы: Шығармашылық саласы;

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: музыка

Тақырыбы: «Музыка және би әлемінде»

Топ: ортаңғы  топ

Мақсаты: Шығарманы зейін қойып тыңдауға, аспап дыбыстарын ажырата білуге,ырғақпен ойнай білуге дағдыландыру.

Көрнекіліктер: Композиторлардың суреттері, музыкалық аспаптар, аспаптардың суреттері, интерактивтік тақта
Сабақтың барысы:
І. Мотивациялық қозғаушы күш.
Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, ортаны айналып шығып, шеңбер жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен амандасады .

Музыка жетекшісі: Сәлем,сәлем балақай,

Балалар: сәлем ,сәлем береміз алақай «Шаттық» шеңбері:(балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында )

Армысың асыл күн,

Армысың қонақтар

Армысың көк аспан

Армысың жер ана

Армысың жан досым

Жылуыңа жылу қос

Міне менің қолым бос

Музыка жетекшісі: - Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер?

Балалар: - Музыка сабағына.

Музыка жетекшісі: - Музыка сабағында біз не үйренеміз?

Балалар: - Ән айтуды, би билеуді үйренеміз.

Музыка жетекшісі: - Жарайсыңдар!
ІІ. Іздену - ұйымдастырушы кезең.
Балалар бүгінгі біздің сабағымыз әдеттегі сабақтан ерекше ,өйткені бүгін біздің сабағымызда ата-аналарымызда келіп отыр. Мен, бүгін балалар сендерді және сендердің ата–аналарыңды музыка және би  әлеміне саяхат жасауға шақырамын. Саяхатымызды бастамас бұрын біз қайда баратынымызды интерактивтік тақтадан қарайық (слайд көрсету) -Балалар біз қайда барады екенбіз ?

Балалар: Астана

Дұрыс айтасыңдар біз сендер мен еліміздің әсем қаласы Астанаға барамыз.

Еліміз ұлттық өнерге бай, қойнауы қазынаға толы.Мен сендерді Астана қаласындағы ұлттық аспаптар музейіне

саяхат жасауға шақырамын.Саяхатқа біз сиқырлы кілемнің көмегімен барамыз.Ал балалар саяхатқа дайынбыз ба?

Балалар:иә Ендеше сиқырлы кілемге отырып,көзімізді жұмайық.

Жетекші: Біз Астана қаласындағы байтеректің жанынан өтіп барамыз,енді аспаптар музейіне де келіп жеттік.Көздерімізді ашайық.

Балалар - бұл музей.(балалардың жауабы). Мұнда аспаптар сақталған және тарихта есімдері алтын әріппен жазылған композиторлардың суреттері де бар.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Домбыра-қазақ халқының жан сезімі,жан серігі.Домбыра-халық даналығы.

Домбыра-қағып,шертіп ойналатын ішекті  музыкалық аспап.Қазақтың ән-күй орындау дәстүріне байланысты домбыраның бірнеше түрі бар.Олардың тек пішіні ғана емес,ішек және перне саны да әр қилы болып келеді.

Шертер-Шанағы терімен қапталған қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі.Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған.Ол екі немесе үш ішекті болып келеді.Құрылысы жөнінен домбыра аспабына ұқсас келеді.

Асатаяқ-ертеден келе жатқан ұрмалы аспап.Қазақта қоңырау,сақпан,шартылдақ сияқты аспаптарда бар.Соқпалы ұрмалы аспаптар:дабыл,даңғыра,кепшік,дауылпаз т.б.ұрмалы аспаптар аңға шыққанда, діни жоралғыларда, жаугершілік жорықтарда пайдаланылған.

Сыбызғы-Қурайдан,ағаштан жасалатын көне музыкалық аспап.Ол ертеректе  бақташылардың ең сүйікті аспабы болған.(үнтаспадан сыбызғының үнін тыңдату)

Сазсырнай-үрмелі аспаптар тобына жатады,ол саздан жасалып,отқа күйдіріледі.Бұл аспаптың көлемі де, түріде әр түрлі.Аспаптың іші қуыс,қарама-қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкентай ойығы бар.

Шаң қобыз-көне музыкалық аспап.оның ортасында сүйір тілшесі болады.Шаңқобызға жіп байланып,сол

жіпті серпіп тарту арқылы тілшені тербеліске келтіреді. (Әр аспатың үні ойналады, балалар соны ажыратып, атау керек. Аспаптарды қолдарына ұстайды, шертіп көреді)

Міне, балалар қазақтың ұлттық  аспсптарымен таныстық .Енді біз ата-аналарымыз бен бірігіп оркестр құрайық. Біз қазір бәріміз  бірігіп «Би»күйін орындап берейік.

Жетекші: Балалар әрі қарай саяхатымызды жалғастыруға дайынбыз ба? Балалар: иә Олай болса би әлеміне саяхатқа аттанайық.Сиқырлы кілемге отырыңдар (музыка жіберу)

Би ханшайымы келеді : Сәламәтсіңдерме, балалар мен - би ханшайымымын  би әлеміне қош келдіңдер.

Жетекші: балалар біз би ханшайымына музыка сабағында қалай билей алатынымызды көрсетейікші.

Музыкалық поклон

Жаттығулар: Секіргішпен жаттығулар жасау.

«Вальс» әуеніне билеу.

Би ханшайымы: жарайсыңдар балалар сендер ата –аналарыңмен бірге жақсы билейді екенсіңдер.Келгендеріңе

рахмет сау болыңдар.

Жетекші: балалар енді біздің балабақшаға баратын уақытымыз болды.Сиқырлы кілемге отырып,өз балабақшамызға

қайтайық.(кілемге отыру)

Просмотров: 300


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст