"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы   «Ақбота»  балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное пр едприятие  «Детский  сад «Ақбота»  поселка Шортандыпри отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз

19.03.2026

2026 жылғы 19 наурызда МКҚК «Ақбота» балабақшасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерге қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру.
Мерекелік шара барысында балалар ән айтып, би билеп, тақпақтар орындады. Сонымен қатар ұлттық дәстүрлер көрсетіліп, тәрбиелік мәні зор көріністер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қазақ халқының «Бесікке салу» рәсімі ұсынылды.
Шара аясында ақ дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Атап айтқанда, бешбармақ, бауырсақ және түрлі тәттілер дайындалды.
Өткізілген іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиеленушілердің белсенді қатысуымен өтті. Балалар мерекеден ерекше әсер алып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттырды.
Наурыз мейрамына арналған іс-шара өз мақсатына жетті. Балалардың ұлттық дәстүрлер туралы білімдері кеңейіп, мерекелік көңіл-күй қалыптасты.

https://www.instagram.com/reel/DWEGCWvjEwI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Просмотров: 627


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст