Балабақша мен №1, №3 жалпы білім беретін мектептер арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
2025–2026 оқу жылында тәрбиеленушілерді мектепке дайындау, білім беру үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету бағытында бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылды. Балабақша педагогтері мен бастауыш сынып мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу, кеңестер өткізу, балалардың мектепке бейімделу мәселелері бойынша өзара байланыс жұмыстары жүзеге асырылды.
Болашақ бірінші сынып оқушылары үшін мектепке экскурсиялар, таныстыру кездесулері, танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар балалардың мектепке деген жағымды көзқарасын қалыптастыруға, оқу әрекетіне қызығушылығын арттыруға, өз бетінше әрекет ету және жауапкершілік дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Балабақша педагогтері мен мектеп мұғалімдері тәрбиеленушілердің даму деңгейіне қойылатын бірыңғай талаптарды сақтау, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және балалардың мектепке жеңіл бейімделуін қамтамасыз ету бағытында бірлескен жұмыстар атқарды.
Жүргізілген жұмыстар білім беру кеңістігінің сабақтастығын сақтауға, балабақша түлектерінің мектепке сәтті бейімделуіне және олардың сапалы білім алуға дайындығын арттыруға мүмкіндік берді.
https://www.instagram.com/reel/DUGXxyiDBDz/?igsh=YnRyeDAzZWRwZWpk