"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы   «Ақбота»  балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие  «Детский  сад «Ақбота»  поселка Шортандыпри отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Қош келдің,жаңа жыл

Қош келдің, Жаңа жыл

Жүргізуші:Келді, міне,

Жаңа Жыл ортамызға,

Құт-береке әкелсін баршаңызға.

Аңсаған арманыңыз орындалып,

Өміріңіз толсын бақыт пен нұрға.

Сәлеметсіздер ме, Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! Біз сіздерді Жаңа 2020 жылымен құттықтаймыз. Жаңа жыл мейрамын бастаймыз!

Балаларды шақырайық.
Балалардың өнеріне шаттанайық, қуанайық!
Залға көңілді музыканың ырғағымен билеп, балалар кіреді. Екі жартылай шеңберге тұрады. Қолдарына әдемі шыршаның ойыншықтарын алып, кіреді және ойыншықтармен билейді.

балалар, ойыншықтарды шыршаның артына жинап,орындарына отырады.

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы шыршамыз қандай әдемі, ондағы ілініп тұрған қызыл-жасыл ойыншықтарымыз көздің жауын алады. Қанекей ендеше барлығымыз осы шыршамызға арнап тақпақ айтайық.

Бекдаиир: Тауда туып

Тауда өсіп

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шаршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Мөлдір: Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шарша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Хадиша: Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Амина: Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Айбар: Жасыл шырша орманнан

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар

Шырша әсем іліпті.

Жүргізуші: Біреу келе жатыр ғой деймін. Мүмкін, ол Ақшақар мен Аяз ата болар?
Залға Түлкі мен Қасқыр кіреді.
Екеу бір қапшыққа таласады.
Қасқыр: Әкел қапшықты, Түлкі. Мен оны бірінші таптым.
Түлкі: Жоқ, бұл менің қапшығым.
Қасқыр: Кімді алдайсың, Түлкі? Бұл Аяз атаның қапшығы ғой! Әкел, деймін.
Түлкі: Бермеймін!
Жүргізуші: Қасқыр, Түлкі, бұл не шу? Неге қапшыққа таласып жатырсыңдар?
Түлкі: Неге дейсіңдер ме? Оны қазір біз сендерге түсіндіреміз

Бір күні орманда келе жатсақ –
Аяз ата шанамен өтеді.
Артынан ұзамай біз жөнелдік –
Шанада үлкен қапшықты көрдік.
Түлкі: «Мен Қасқырды алға қарай жібердім.»
Қасқыр: «Аяз атаның шанасын тоқтаттым.»
Түлкі: «Шананың артынан, көрінбей,
Аяз атаның қапшығын ұрладым.»
Түлкі: «Айтыңдаршы Қасқырға, балалар,
Қапшық енді менікі ғой»
Қасқыр: «Жоқ, менікі!»
Жүргізуші: Қапшық кімдікі болды балалар?
Балалар: Аяз атаның қапшығы!
Түлкі: Жоқ, менікі!
Қасқыр:Менікі! Қанеки, бермаған!
Осы кездешыршаныңартынанАю шығады.
Аю:Кімменіқысқы ұйқыдан оятқан? Бұл не айқай-шу?
Түлкі:Қасеке, бізАюды оятып жібердік! Тез қашайық!
Қасқыр:Иә, кетейік – пәледен аулақ, - деп, екеуі қашып кетеді.
Жүргізуші:Қараңдаршы, балалар, Түлкі мен Қасқыршулап, Аюды да қысқы ұйқыдан оятып жіберді
Аю:Сәлеметсіңдерме! (Балалар амандасады)
Аю:Балалар, Қасқыр менТүлкі неге соншама асығып кетті? Олар тағы не бүлдіріп жүр?
Жүргізуші:Олар, Аяз атаның қапшығын ұрлап әкетті. Балалар сыйлықсыз қалатын болды, енді не істедік? Аюжан, көмектесші.

Аю: Әрине, көмектесемін (ойланып) А-а, таптым, Кірпі досымды көмекке шақырайын.
Жүргізуші: Кірпі де қыста ұйықтайды. Оны қалай оятамыз?

Мыналар сылдырмақтарма?

Кел балалар қаттырақ сылдырлатып ойнатып жіберіңдерші .

Оркестр: музыкалық аспаптармен

Алдияр, Ансар, Бердібек Мұстафа, Бақдәулет, Бекдаиир,Мәди, Нұрдәулет

Би біткен соң шыршаның артынан Кірпі шығады.
Аю: Кірпі-досым! – деп, Кірпіні құшақтайды, - Кірпіні оятқандарыңа көп рахмет.

Кірпі: Сәлеметсіңдер ме, балалар? (Балалар амандасады) Аю, сендер мені неге ояттыңдар?
Аю: Түлкі мен Қасқыр Аяз атаның қапшығын ұрлап кетіпті. Ол қапшықта балалардың сыйлықтары бар, көмектесші.
Кірпі: Әрине, көмектесемін. Бірінші Аяз атаға жолығайық.
Аю: Аяз атаны қайдан табамыз?
Жүргізуші: Қанеки, балалар, Аяз атаны дауыстап шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
Залға әндетіп Аяз ата кіреді, қасында Ақшақар немересі.
Аяз ата: Борандатып, аққарлатып, Жаңа жылда келемін.
Әр үйдің қонағы боп, сыйлық әкеліп беремін.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! (Балалар амандасады) Сәлеметсіздер ме, ата-аналар, қонақтар! (Ата-аналар мен қонақтар амандасады)
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар, қадірлі қонақтар!
Аю: Аяз ата, армысыз!
Аман-есен бармысыз?
Ызғарлы қыс келді деп,
Әбігер болып жатыр ек.
Аяз ата: Биыл қыс қатты болады. Сендер қысқа дайынсыңдар ма? Неге ұйықтамай жүрсіңдер?
Аю: Аяз ата, алаңдама сонша,
Қатал дейсің қыс қанша.
Үйім дайын, ұйықтаймын,
Келер, көктем шыққанша.
Кірпі: Суық қыстан жиреніп,
Мен де жылы үйге ендім.
Жан сақтаудың амалын
Мен, досым Аюдан үйрендім.
Кірпі: Аяз ата, біз сіздің балаларға әкелген сыйлықтарыңызды, Түлкі мен Қасқырдың ұрлап кеткенін естіп, көмекке келдік.
Аю: Түлкі мен Қасқырды табамыз, балалардың сыйлықтарын қайтарып береміз, кездескенше, - деп, екеуі кетеді.
Аяз ата: Жолдарың болсын!.. Ал біз, балалар, Аю мен Кірпі келгенше, орынымыздан тұрып, шыршаның алдына келейік. Көңілді әнді шырқап, шыршаның шамдарын жағайық!
Ән: «Шыршаға бардық»
Ақшақар: Ата, неге шыршаның шамдары жанбай тұр?
Аяз ата: Шыршамыз балалардың сиқырлы сөздерін күтіп тұр. Білесіңдер ме, балалар?
Балалар: Иә, білеміз!
Аяз ата: Ендеше, бірге айтайық.
Балалармен бірге айтады: Қане, шырша, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Шыршаның шамдары жаңады, балалар қуанып, шапалақтайды.
Жүргізуші: Аяз ата, балалар сізге әнде дайындады.
Аязата:Қанеки, тыңдайық.
Ән: «Аязата».
Аязата:
Рахмет сендерге, балалар. Енді мен сендергежелдетіп-үрлейін. Ал, сендерқарсияқтыұшып, орындарынаотырыңдар, - деп, үрлейді, балаларорындарынаотырады.
Аязата:Сондайжақсыбалалар,
Ай, жұлдызға пара-пар.
Бола қоймасмағанайып,
Тақпақтарынтыңдайық!

Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың! Архат
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың!

 

Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Нұр жайнаған ажары Алдияр
Сағындық аяз атаны


Көрдің бе Аяз атаны
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да Манатау Мұстафа
Аппақ екен шапаны


Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр
Ата - әже, әке - ана. Мерейхан Мұстафа
Құтты болсын Жаңа жыл
Бізбен бірге ойнайды
 

Жаңа жылды тойлайдыАлина
Барлық бала бақытты
Болса екен деп ойлайды.
 

Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз. Ансар

Аяз ата келгенде

Билейміз ән саламыз.

 

Аяз ата жол салып,
Ақ боранмен алысқан.
Балаларға базарлық, Бақдәулет
Алып келді алыстан

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады. Аида
Жып - жылтыр боп жатады.
 

Кел, балалар, тақпақты
Тақылдатып айтайық
Аяз ата таң қалсын Нұрмұхамет
Сыйлық алып қайтайық

Аяз ата тыңдаңыз
Тақпақ айтып берейік
Ортамызда шыршамыз, Нұрдәулет
Ойнап бірге, күлейік.
 

О, керемет, керемет
Бейне аппақ көбелек
Ақшақар жай көлбеңдеп Айару
Қонып жатыр жерге кеп

 

Ақшақар Аяз-атаны орындыққа отырғызады.
Ақшақар:Отыр, Аязата, ортаға.
Жүргізуші:Қане, балалар, келiңдер, Аяз-атаға«Аққала» әнін айтып берейік..
Аяз-атабалалардымақтайды.
Аязата:Балалар, меніменойынойнайсыңдарма?
Балалар: Иә, ойнаймыз!
Жүргізуші: Бұлқандайойын, Аязата?
Аязата: «Қар атысу» аттыойын.

Жүргізуші:Қандайқызықтыойын! Рахмет, Аязата.
Ақшақар:Ата, қараңызшы, қаншамакөпқаржауыпты! Ұлпақарларымдыортағашақырайын, бибилепберсін.
«Ұлпақарларбиі» орындалады.
Аязатабибилегенбалалардымақтайды.
Осы кездезалғажүгіріпҚасқыр менТүлкікіреді. ОлардықуалапАю мен Кірпікеледі.
Түлкі: Аязата, құтқарбізді! Кірпітікенектерменменіңәдемітонымдыбүлдірді.
Қасқыр: Ал, Аюменіңаяғымды бар күшіменбасып, аяқтарымдысындыражаздады. Әреңжеттікосында.
Аю, Кірпі: МінеТүлкі мен Қасқыр. Бірақ та, қапшықтықайдатыққандарынайтпайды.
Аязата: Қапшығымдықайтарсаңдар-құтқарамынсендерді.
Түлкі: Қандай қапшық? Көрген жоқпыз ешқандай қапшықты. Солайғой, Қасеке?
Қасқыр: Иә, көрген жоқпыз.
Ақшақар: Олай болса, келіңдер ортаға ,біздермен бір көңілді би билеп берсеңдер – сенемізсендерге.
Жүргізуші:Бұлқандайби, Ақшақар?
Ақшақар:Бұлжайбиемес – сиқырлыби.
Қасқыр: Бидің сиқыры қандай?
Ақшақар: Қазір көресіңдер.
Түлкі: Билегімкелмейді. Жоқ, бізбилемейміз. Жүр, кеттікҚасеке.
Аю мен Кірпіекіжақтанкеліп, оларғажолбермейді.
Аю:Жоқ, билейсіңдер. Билемесеңдер, жібермейміз.
Кірпі: Маэстро, музыка!
Кел, билейік «Тұлпарым»
Қасқыр: Ой-ой-ой, аяғымай, шаршадым, - деп, құлайды.
Түлкі: Ой-ой-ой, басымайланыпкетті. Бізбәрінтүсіндік. Сыйлықтарыңды тез әкеліпбереміз. Тұр, Қасеке, қапшықтыәкелейік, - деп, екеуізалданақсаңдапшығыпкетеді.
Аю менКірпі: Ал, бізбарыпкөрейік. Тағы да қашыпкетпесін, - деп, екеуізалданжүгіріпшығады.
Жүргізуші:Қандайжақсыболды! Түлкі мен Қасқырқапшықтыәкелгенше, бізортағақонақтарымыздышақырайық.
Ата –аналармен ойын. «Шляпа»

Шарты: бес алты ата-ана шығады әуенмен бас киімді жылжыта бастайды әуен тоқтағанда кімді қалады бас киім сол адам өнерін көрсетеді. Осылай ойын жалғаса береді.
Аяз-ата: көп рахмет. Тамаша ойын екен!

Осы кезде залға билеп Түлкі мен Қасқыр кіреді – қолдарында қапшық.
Қасқыр: Міне, Аяз ата, сенің қапшығың, - деп, қапшықты Аяз атаға береді.
Түлкі: Тексеріп ал – біз ештеңеге тиіскен жоқпыз деп қашып кетеді.

Аяз ата Ақшақар мен қапшықты ашып, ішінен шыршаның ойыншықтары шығады. Түлкі қуылығын қоймады ғой.

Жарайды сиқырлы таяғым көмектеседі.

Жүргізуші: Рахмет сізге, Аяз ата.
Аяз ата: Балалар, Түлкі мен Қасқырды кешіреміз бе?
Балалар: Иә, кешіреміз!
Аяз ата: Олай болса, келіңдер, Ақшақармен бірге балаларға сыйлықтарды таратайық.
Ақшақар: Ата, біздің жолға шығатын мезгіліміз келді.
Аяз-ата: Дұрыс айтасың, Ақшақар. Бізді басқа балалар да күтіп қалды. Сау-сәлемет болыңыздар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Кездескенше, балалар! (Балалар қоштасады.)
Жүргізуші: Тiлеймiз біз бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр!
Тiлеймiз біз бар адамға,
Жаңа бақыт, жаңа жыр!
-Осымен Жаңа жылға арналған ертеңгiлiгiмiз аяқталды. Жаңа жылдарың құтты болсын! Келесi кездескенше, сау болыңыздар!

 

 

 

 


Текст