"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шортанды кентінің  "Ақбота" балабақшасы"  мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорыны
 Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Ақбота" поселка Шортанды при отделе образования  по Шортандинскому  району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МДҰ-ДА БОЛҒАН КЕЗДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

12.04.2024

Білім беру процесіне қатысушылардың жайлы және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету білім беру жүйесіндегі басымдықтардың қатарына жатады. Бұл бағыттағы қызмет өрт қауіпсіздігін, терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол-көлік жарақаттануының алдын алу және МДҮ-да еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормаларын сақтау жөніндегі іс-шаралар кешенін біріктіреді.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ғимаратында және іргелес аумағында тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Өрт қауіпсіздігі

Автоматтандырылған өртке қарсы хабарлау жүйесі және өртке қарсы құралдардың қажетті саны бар. Барлық қосалқы шығулар оңай қол жетімді және тәртіпте ұсталады; өрт қауіпсіздігі ережелері орындалады; өртке қарсы режим сақталады. Адамдарды эвакуациялау жоспары және жылдам эвакуациялауды қамтамасыз ету жөніндегі персоналдың іс-қимылын айқындайтын нұсқаулықтар бар. Жоспарға сәйкес, эвакуациялық сабақтар жүйелі түрде өткізіледі, онда білім беру процесіне қатысушылардың және төтенше жағдай туындаған жағдайда балабақшаның МДҰ қызметкерлерінің іс-әрекеттері пысықталады. Өрт қауіпсіздігі бойынша тұрақты әңгімелер өткізіледі.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Балабақшада дабыл түймесі орнатылған. Шұғыл көмекке шақыру батырмасын күзетуге және қызмет көрсетуге шарттар жасалды. Білім беру мекемесі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Балабақшаның аумағы периметрі бойынша металл қоршаумен қоршалған. Мектепке дейінгі мекеме ғимаратының үй жайларын және оған іргелес аумақты үнемі тексеру жүргізіледі

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Балабақшаның барлық қызметкерлерімен қауіпсіздік ережелері бойынша үнемі нұсқаулық өткізіліп тұрады. Барлық жұмыс орындары еңбек жағдайлары бойынша аттестатталды.

Білім беру процесінің барлық қатысушыларының құқықтық тәртібін, мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтауын қамтамасыз ету

Оқу жылы ішінде жол қозғалысы ережелері, судағы, жолдардағы, жорықтағы, тұрмыстағы қауіпсіз мінез-құлық туралы жүйелі түрде әңгімелер өткізіледі.

Санитарлық қауіпсіздік

Балабақшаның барлық үй-жайларының санитарлық-гигиеналық жағдайы Санпин талаптарына сәйкес келеді. Барлық топтық бөлмелерде биіктігі реттелетін жиһаз бар. Желдету процесі ұйымдастырылып, қажетті жылу режимі қамтамасыз етілді; ауыз су режимі сақталады.

Балабақшадағы тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:

- балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша педагог қызметкерлерге нұсқама беру;

- ұжымға төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға нұсқау беру;

- тәрбиеленушілер мен қызметкерлерді эвакуациялау бойынша оқу жаттығулары;

- тәрбиеленушілермен әртүрлі жағдайларда өмір қауіпсіздігіне арналған әңгімелер.

Просмотров: 4073


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст