"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шортанды кентінің  "Ақбота" балабақшасы"  мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорыны
 Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Ақбота" поселка Шортанды при отделе образования  по Шортандинскому  району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық көшпелі тәжірибелік семинар

04.04.2019

2019 жылдың 3сәуірінде Шортанды ауданының білім беру бөлімі жанындағы  МКҚК «Ақ бота» балабақшасында облыстық көшпелі тәжірбиелік семинары  өтті. Семинардың бағдарламасы бойынша  тәрбиешілер Лдетаева А.Р., Нұржанова Ф.А.,Хуат Амангуль және балабақшаның педагог-психологы Тукесбаева Н.К. «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Таным», «Шығармашылық», «Денсаулық» білім беру салалары бойынша ғылыми-педагогикалық тәсілдерді іске асыру тақырыбында ашық сабақтар өткізді.   Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті  орыс тілінде білім алатын  «Солнышко»  II-кіші тобы,  мемлекеттік тілде білім алатын «Күншуақ» ортаңғы тобы және орыс тілінде білім алатын  «Теремок» ортаңғы топтарында өтті.

«Дені сау балабақша» жобасы  аясында балабақша педагогтарының денсаулық сақтау технологиялары бойынша жұмыс тәжірибесі бойынша әдіскер Абдуллина Гульзада Сайранбековна презентация, тәрбиеші Мергенбаева Ақбатес Жумабаевна «Ханталапай» асық ойыны бойынша шеберлік сыныбын балалармен және семинарға келген тәрбиещілермен өткізді. Семинардың соңы музыка жетекшісі Бейбитхан Назгульдің ұйымдастыруымен балабақша тәрбиеленушілерінің  шағын музыкалық концерттік бағдарламасына ұласты. Семинарды «Өрлеу» АҚ филиалы  Ақмола облысы  бойынша «ПҚ БАИ» аға оқытушысы Жалмуханова Жаңылсын Өтегенқызы қорытындылап, семинарға  қатысушылар ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша өткізілген ашық көрсетілімдер бойынша  пікір алмасты. Облыстық көшпелі тәжірбиелік семинардың өтуі екі жақ тарапқа да тиімді әрі өте пайдалы екендігі сөзсіз. Тәжірбие алмасу, ой қозғау мен түю және келешекке бағдар алу - бұл семинардың түйіні болмақ.

Просмотров: 380


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст