21.10.2024
Баланы балабақшаға дайындау және бейімдеу жолдары.
Үнемі анасының қасында болып қалған балаға балабақшаға бару,бейімделу өте қиын.Сол себепті ата-аналар баланы балабақшаға беру үшін алдын-ала дайындау керек. Баланы жиі серуенге шығарып танымайтын ортаға үйрету керек. Бала балабақшаға жеңіл бейімделу үшін балалар серуенде жүрген кезде баланы алып келіп жарты сағаттай ойнатып, бақылап отырса болады. Баланың қызығушылығын оятып, сенде балабақшаға барғың келеме? деген сияқты сұрақтар қойып, баламен әңгімелесу керек.Балабақшаның жақсы жақтарын айтып .көрсете білу керек.Балабақшаға келген уақытта жұмыстамын,уақытым жоқ деп баланы кешке дейін балабақшада тастап кетпей, екі -үш сағатқа қалдырып, жеңіл үйренуіне жағдай жасау керек.Тәрбиеші маманға балаңыздың мінез-құлқы туралы қысқаша айтып беріңіз,нені ұнатады, нені ұнатпайды. Балаңызбен де балабақша туралы тек жақсы , жағымды жақтары туралы сөйлесіңіз.Балаңыздың балабақшаға бейімделуіне біріге жұмыс жасау арқылы жетеміз.