Армысың мейірімді аналарым, Мейірбан ашық көңіл даналарым, Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен, Құттықтайды сіздерді балаларың
Армысың ақжаулықты әжелерім, Ақылы дариядай кемеңгерім Ардақты аналардың мейрамында Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін - деген жыр шумақтарымен, «Ақ бота» балабақшасында 8-Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгіліктер балабақша меңгерушісінің құттықтау сөзімен басталды. Әр топтың өз сценарийлері мен таңқалдыралық сәттері болды. Балалардың орындауында тақпақтар, өлеңдер, билер мен театрландырылған көріністер де болды. Шортанды №1 орта мектебінің оқушылары, балбақшаның бұрыңғы түлектері де қатыстырылып, сабақтастық дәстүрі жалғасты.
Бұл қызықты ертеңгіліктерде аналар да назардан тыс қалмай ойынға қатыстырылды,би билеп, ән шырқады. Мерекелік көңіл-күйін құру, ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, балалардың эмоциялық қабылдауын ынталандыру, өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу сияқты мақсаттарды алға қойған біздің тәрбиешілеріміз де әр қырынан көрініп, өздерінің шығармашылықтарын шындай түсті.