Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
Алғыс айту күні Шортанды кенті әкімідігінің ұйымдастыруымен Мәдениет үйінде де аталып өтті. Осы мерекеде әртүрлі ұлттардың тағамдарынан ұйымдастырылған жәрмеңкеге қатысқан біздің де балабақша бүлдіршіндеріміздің ата-аналарына да шынайы ниетпен Алғысымызды айтамыз. Жәрмеңкеде бауырсақ, тәтті тәтті тоқаштар, күлшелер, торттар, құймақтар тағы да басқа тағамдар барынша сатылып, сол жерде орналастырылған Қайырымдылық қорына табысталды.
Күншуақ» тобынан - Қалитай Жанайым, Сағындықов Алижан, Елдос Жарқын, Орал Темирлан, Жакупова Медина, Еркінбек Нурисламның ата-аналарына.
«Қарлығаш» тобынан- Кусанова Диляра, Якимчук Карина, Сейтхан Аяна, Жылкыбаева Бекайым, Райхан Аяжан, Кадыров Али, Жарқынбеков Арнұрдың ата-аналарына..
«Солнышко» тобынан – Абушахман Асылай, Даирова Айдана, Якимчук Данилдің ата-аналарына..
«Теремок» тобынан - Мальчушкин Михаил, Шағатай Амина, Михеев Артемнің ата-аналарына.
«Ақ бота» балабақшасының ұжымы өзінің барша тәрбиеленушілері мен ата-аналарына, әріптестеріне алғысын айтады. Бүгінгі күнге дейін бізбен бірге болғандарыңыз үшін Сіздерге үлкен рақмет!