Биікке самға «Қарлығаш»
Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толып, оңы мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндеріміз үшін
«Ақ бота» балабақшасының «Қарлығаш» тобында «Қош бол, балабақшам» мерекесі өтті. Әрине балабақша бітіруші 18 түлек , олардың ата-аналары және біз үшін де бұл ерекше күн еді. Үш жыл алғаш тәрбие мен білім нәрімен сусындаған балабақшасы, екінші аналарына айналған тәрбиешілерінің берген ақылы, тәрбиесі, жылы алақаны әр түлек үшін де қымбат екені сөзсіз. Ал балабақша үшін оқу жылындағы басты жетістіктер мен жемісті еңбектерінің нәтижесін айқындайтын уақыт. Биылғы оқу жылы «Қарлығаш» тобы үшін табысты жыл болды. «Әрқашан күн сөнбесін!» балалар шығармашылығының облыстық фестивалінде біздің топтың ұжымдық жұмысы II орынға ие болды, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» облыстық
байқауында Гран-примен тәрбиеленуші Ахметова Айгерим, «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» облыстық және аудандық байқауының Грамотасымен тәрбиеленуші Ахметова Айгерім – «Көркем оқу» номинациясы; «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» аудандық
(сырттай) байқауында тәрбиеленушілер: 1-орын Олжабай Шұғыла, Әділбек Гүлсезім; «Қазақстан 25 жыл бейбітшілік пен жасампаздық жолында» аудандық балалар суретінің конкурсы 1-орын: Олжабай Шұғыла, Жаркынбекова Баян, 3-орын: Әділбек Гүлсезім, Нурланова Асылжан; «Қысқы
көңіл-күй» Республикалық арақашықтық балалар сурет байқауында 1- дәрежелі Дипломмен Таукелова Лаура, Жолдыбай Алдияр, 2- дәрежелі
Дипломмен Орал Темирлан, «Ұлы дала ұрпақтары» облыстық балалар шығармашылық фестивалінің «Жезтаңдай әнші» номинациясы бойынша 1- дәрежелі Дипломмен Ахметова Айгерім, «Көктемнің алғашқы мерекесі» Республикалық байқауының II-дәрежелі Дипломымен Ахметова А., Әділбек Г. марапатталды. Осы жетістіктердің бәрі ата-ана мен балабақшаның бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуінің нәтижесі. Балабақшада өткізілген барлық көрмелерге, байқауларға, ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне ата-аналар белсене қатысып, балаларын ынталандырып, көздеріне үміт ұшқынын жаға білді.
30 мамыр күні өткізілген кеш балалар мен ата-аналардың көңілінен шықты. Балалар тақпақтарын, билерін, әндерін, ойындарын өте жақсы орындады. Тәрбиеленушілеріміздің мектепке баруға дайын екендігіне сенімдіміз. Сонымен қатар балабақша өміріне белсене ат салысып, уақыттарымен санаспай әрдайым өз көмектерін ұсынып отырған ата-аналарға алғысымызды білдіреміз, соның ішінде Нұрғожа Жолдыбайұлы мен Рауан Маратқызына балабақшаның ойын алаңына машина жасап, балаларға қуаныш сыйлағаны үшін және топқа да ерекше көңіл бөліп, көптеген жаңадан шыққан ойыншықтармен қамтамасыз еткені үшін, сонымен қатар Меруерт Серікбайқызына ұлттық костюмдері үшін алғысымыз шексіз.
Бүлдіршіндерімізге алдағы өмірлеріне ақ жол, сәт- сапар тілейміз.
Н.Т. Шахабева, «Ақ бота» балабақшасының тәрбиешісі