«Келіңіз таныс болайық» атты «Күншуақ» ортаңғы тобындағы ата-аналар жиналысы
Мақсаты: Отбасы мен балабақша арасындағы
байланысты кеңейту. Бала тәрбиесінде балабақшамен бірлесе жұмыс жасауға шақыру.
Жиналыстың барысы: Құрметті ата-аналар бір кездерде сіздерде кішкене бала болдыңыздар. Сол балалық шаққа бір сәтке қайта оралуға мен сіздерді шақырамын. Бүгін бізде балабақшаға келген кішкентай сәбилер ғана бар.
Кәне балалар бәріміз бірге таңғы жаттығуға тұрайық. Біз бүгінгі жаттығуымызды түрлі-түсті доптармен жасаймыз.
Мен сендерге көк ж/е қызыл түсті доп таратып бердім.Ал енді жаттығуды бастаймыз. Жаттығу аяқталды енді кімде көк түсті доп болса олар оң жаққа, ал қызыл түсті добы барлар сол жаққа отырады. Балалар бізге бүгін топқа жаңадан балалар келіпті.Көк түсті доп алған балалардың барлығы жаңадан келген балалар.
Қазір бізде тіл дамыту сабағы болады. Сабақтың тақырыбы «Менің отбасым» деп аталады. Енді бізге жаңадан келген балалар өз отбасы туралы айтып таныстырады. Келесі кезекте былтырдан келіп жүрген балалар
таныстырады. Міне біз енді бір-бірімізді білеміз. Келесі сабақ сурет салу сабағы.
Сабақтың тақырыбы «Менің балам» деп аталады. Бұл сабақта әр ана өз баласының суретін салып ,оның мінез құлқын жазып шығады.Кәне балалар бір-бірімізге суретімізді көрсетейік. Енді оларды тақтаға іліп қоямыз. Сурет салып біздің саусақтарымыз шаршап қалған болар сергіту жасап алайық.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бәрін қоссақ он саусақ
Бір,екі,үш ---------- он
Міне біз сіздермен балалық шаққа саяхат жасап қайттық. Енді жаңадан келген балалардың балабақшаға бейімделуі туралы әңгімелесейік.
«Күншуақ» ортаңғы тобында 20-бала бар. Оның ішінде ұлдар Қыздар-10 бала 4-жастағылар саны-10 5-жастағылар саны-10 Былтырдан бері келіп жүрген бала саны-11 Жаңадан қабылданған бала саны-9
Күн тәртібімен таныстыру Оқу іс-әрекетімен таныстыру
Ата-аналар комитетін сайлау. Жиналысты қортындылау.