Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесінкөтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру. Әр ұлттын тілің
құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:
аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Шаттық
шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң,
балалар!
Қайырлы таң,
балабақша!
Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз. Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы. Балалар: Күніміз жарық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын. Еліміз тыныш болсын. Досымыз көп болсын. Балабақшамыз жайнап тұрсын. Нанымыз көп болсын.
Тәрбиеші: Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар,балалар.Олай болса ерекше күн деп есептеп,тақырыбымызды
«Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»,-деп бастайық.
Ғажайып сәт. Есік қағылып,ішке шет мемлекеттен қонақ келді. Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті. Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен. -Сәлеметсіңдер ме балалар?
-Балалар,бұл қай
мемлекет?
-Қазақстан
Республикасы -
Бұл мемлекеттің
бас қаласы қай қала?
-Астана қаласы
-Мен сендердің
мемлекеттерің туралы толығырақ білсем
деп отырмын. Сендер маған көмектесесіңдер
ме?
-Ия, көмектесеміз.
-ҚР Елбасы кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-ҚРның мемлекеттік
тілі қай тіл?
-Қазақ тілі
Тәрбиеші: Қәне,балалар,біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік. Балалар әнұранды орындайды.
-Ана тілі туралы
қандай тақпақ білесіңдер?
Раяна: Ана тілім-менің
Әлдилеген әнім
Ана тілім – демім
Ана тілім жаным
Жанайым: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін
біл,
Өз тіліңді құрметте.
Мен сендерден көп нәрсе біліп алдым, көп нәрсе біледі екенсіңдер. Енді маған рұқсат мен кетейін. Сау болыңдар!
Осы халықтар өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ біз Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз, құрметтеуіміз керек. Қазақстанда көп ұлттар турады, олар барлығы тату-тәтті өмір сүреді.
Тәрбиеші:
«Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық. Томирис:Тілтасжарады,
Тасжармаса бас жарады
. Ердаулет:
Ойнап сөйлесең де Ойлап сөйле
. Медина:
Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен өтеді.
Амир: Өнер алды — қызыл тіл.
Алижан: Жақсы сөз –жарым ырыс.
Балалар, біз кішкене бойымызды жазып ойын ойнайық. Қазақтың ұлттық ойыны: «Қол күрес». «Қантал апай». «Қонақ күту». «Тақия алу»..
Қорытынды.Сұрақ-жауап
Тәрбиеші:Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның
болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын
бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін. Балалар: Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау
саламат болайық.